Білімі:
- 2007 жылы Семей мемлекеттік медицина академиясын үздік бітірді.
- 2009 жылы Алматы медициналық жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтында офтальмология мамандығы бойынша қайта даярлау курсынан өтті.
- 2010 жылы Алматы қаласындағы Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтында «Көз микрохирургиясы» циклі бойынша оқыды.
- 2015 жылдың сәуір айында Үндістанның Ченнай қаласында катаракта факоэмульсификациясы бойынша тағылымдамадан өтті.
- 2019 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистратурасын Денсаулық сақтау жүйесіндегі менеджмент мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек қызметі:
- 2009 жылдан 2011 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Ана мен бала орталығында көз микрохирургиясы бөлімінде жұмыс істеді.
- 2013 жылдан 2019 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Облыстық офтальмологиялық орталықта жұмыс істеген.
- 2019 жылдың қарашасынан 2021 жылдың қарашасына дейін «Almaty Vision» ЖШС-де дәрігер-офтальмолог болып жұмыс істейді.
- Қазіргі уақытта Алматы қ. «ASTANA VISION» клиникасында медициналық директор қызметін атқарады.
Қызметі:
- Катаракта факоэмульсификациясы
- Көзішілік линзаны имплантациялау
- Факикалық линзаларды импланттау (ФИОЛ)
Кәсіби дамуы туралы:
- 2015 жылдың маусым айында Швейцарияның Берн қаласында өткен макулярлық ауруларды диагностикалау және емдеу бойынша семинарға қатысты.
- 2018 жылдың ақпан айында Парижде (Франция) өткен халықаралық офтальмологиялық конференцияға – 2nd International Swept Source OCT және ангиография конференциясына қатысты.
- 2018 жылы офтальмологияда лазерлік технологияларды жетілдіру циклінен өтті, Астана қ.