Сіздің қалаңыз:
Қызметтер

Операциядан кейін сізге арналған біздің ұсыныстарымыз - SmartSight, ReLEx SMILE, FemtoLASIK/LASIK, ФРК

Операциядан кейін дәрігерге бару қажет!

  • Операциядан кейінгі күні сағат 8:30-9:00 аралығында «ASTANA VISION» клиникасына тексеруге келу қажет;
  • Операциядан кейінгі 1 ай ішінде дәрігердің кезексіз қабылдау уақыты: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-16:00;
  • 3 айдан кейін тексеру үшін алдын ала жазылу қажет (қайта диагностика ақылы).

Өмір салтына біртіндеп көшу!

  • Операциядан кейінгі күні жүзіңізді, басыңызды жуа аласыз, душ қабылдай аласыз, компьютермен жұмыс істей бастай аласыз, теледидар қарай аласыз. Көру қабілеті жоғары болса, операциядан кейінгі күні автомобиль жүргізе аласыз.
  • Бейімделуді жеделдету үшін операциядан кейінгі 2-3 күннен бастап 3-4 апта бойы көз жаттығуларын жасау ұсынылады:

КОЗ ЖАТТЫҒУЛАРЫН ӨТКІЗУ БОЙЫНША НҰСҚАУ

1. Түсті қағаздан диаметрі 0,5-1 см дөңгелек (немесе газеттен кішкене мәтін) қиып, терезенің әйнегіне жабыстырыңыз. Терезеге 25-30 см қашықтықта тұрыңыз. Кезекпен 15 секунд дөңгелекке, 15 секунд алдын ала таңдалған алыс нысанға (үй, ағаш т.б.) қараңыз. Жаттығуларды күніне 2-3 рет, 3-5 минут бойы екі көзбен бір уақытта жасаңыз. Қарындаш ұшын (25-30 см) және бөлменің алыс бұрышын кезекпен қарауға болады. 2. Қарындаш жаттығуы: Қарындашты (қаламды) созылған қолыңыздың қашықтығында ұстап, екі көзіңізбен оған қараңыз, содан кейін оны мұрынға қарай баяу жылжытыңыз. Қарындаш екіге бөлінген кезде тоқтап, оны “біріктіруге” тырысыңыз. Егер сәтті болса, жаттығуды жалғастырыңыз. Болмаса, қарындашты сәл алыстатып, қайтадан тырысыңыз. Бастапқы қалпына оралып, 3-4 рет қайталаңыз.

Операциядан кейін көз тамшыларын мына жолмен қабылдау қажет:

1-2 тамшыдан қабылдау Қабылдау жиілігі мен ұзақтығы
Дексаметазон (0,1%)
Сигницеф (0,5%)
Күніне 3 рет 5 күн бойы, тамшылар арасында 2-3 минут аралық, ____.____ дейін қабылдау
Офтолик Ультра/ немесе Хило-Комод/ немесе Систейн Ультра/ немесе Артелак Всплеск немесе басқа ылғалдандыратын тамшылар Операциядан кейін 1 ай бойы күніне 4 рет қабылдау, кейін қажет болған жағдайда, компьютермен жұмыс істегенде немесе көзге дискомфорт сезілгенде (құрғақтық, жеңіл қызару, құм сезімі т.б.) күніне 1-2-3 рет 2-3 ай бойы қабылдау
  • Операциядан кейін тағайындалған барлық көз тамшыларын қатаң сақтауды сұраймыз;
  • Ылғалдандыратын тамшыларды тек дискомфорт сезілгенде ғана емес, сонымен қатар көру жүктемесі күшті болған кезде, компьютермен жұмыс істегенде де қолдануға болады.
Лазерлік түзетуден кейінгі шектеулер: SmartSight, ReLEx SMILE – операциядан кейінгі күннен бастап ешқандай шектеу жоқ! FemtoLASIK:
  • Контактілі спорт түрлері (волейбол, баскетбол) операциядан кейін 3-4 аптаға дейін ұсынылмайды;
  • Бассейнге, банидағы паряға, саунаға 2 аптаға дейін бармау;
  • Қажет болған жағдайда, тұрғылықты жеріңіздегі клиникада уақытша еңбекке жарамсыздық парағы немесе 5 күнге дейінгі анықтама беріледі (б/л алуды алдын ала тұрғылықты жердегі дәрігермен келісу қажет).

Біз сізге толық ақпарат алғаныңызға және барлық ұсыныстарды мұқият орындайтыныңызға үміттенеміз. Құрметпен, «ASTANA VISION» клиникасы

логотипы
Сіздің қалаңыз: