Ересектерге арналған диагностика
Диагностикалық тексерудің сапасы таңдалған клиниканың техникалық жабдықталу деңгейіне байланысты. Біздің барлық клиникаларымыз заманауи жабдықтармен жабдықталған және жоғары білікті мамандар жұмыс істейді.
Тексерудің стандартты құрамына кіреді:
- Рефрактометрия – минус, плюс, астигматизмді өлшеу.
- Визометрия – көру өткірлігін анықтау.
- Тонометрия – көз ішілік қысымды өлшеу.
- Периметрия – көру өрісін зерттеу.
- Биомикроскопия – көздің алдыңғы бөлігін саңылаулы шаммен тексеру әдісі.
- Офтальмоскопия – көз түбін (тор қабық пен көру нервісін) тексеру.
- OCT – оптикалық когеренттік томография (тор қабық пен көру нервісін зерттеу).
- Көз УДЗ – көз ішкі құрылымдары мен көз шарасы тіндерінің жай-күйін бағалауға арналған қосымша зерттеу әдісі.
- Биометрия – көз алмасының параметрлерін өлшеу.
- Қасаң қабықтың топографиясы
- Пахиметрия – қасаң қабықтың қалыңдығын өлшеу.
- ЭФИ (ЗВП, ЭРГ) – тор қабықтың сыртқы және ішкі қабаттарының, сондай-ақ көру нервісінің өткізгіштігінің жай-күйін анықтау.
Неліктен толық диагностика үшін бізге жүгінген дұрыс?
ASTANA VISION – бұл дәлелді медицина қағидаттары бойынша жұмыс істейтін жоғары білікті дәрігерлер командасы. Клиника қызметкерлері өзінің жұмыс істеген кезеңінде 1 000 000-нан астам офтальмологиялық тексеру жүргізді.
Қабылдауға жазылу
Мәліметтеріңізді қалдырыңыз, біз сізге хабарласамыз!
WaveLight® ALLEGRO Topolyzer™ VARIO™
Alcon, США
Оптикалық биометр Topcon Aladdin HW
Topсon, Япония
ZEISS IOL Master 700 биометрі
Carl Zeiss Mediteс, Германия
Huvitz HDR-7000
Корея
Біздің офтальмологтар.
Қызмет көрсету бағалары
-
Ересектерге арналған алғашқы қабылдау 21.000
-
Зейнеткерлерге арналған алғашқы қабылдау 16.000
-
Ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған алғашқы қабылдау 12.500
-
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына арналған алғашқы қабылдау ТЕГІН
-
Диагностика жүргізгеннен кейін дәрігердің қайталау консультациясы 3.000
(диагностика жүргізілген күннен бастап 3 ай ішінде)
• Егер операция алдын ала белгіленіп қойылса, онда операцияға дейінгі тексеру тегін жүргізіледі;
• Бағаға енеді: операцияға дайындық, операцияны орындау, наркоз, бір рет пайдаланылатын шығын материалдары;
• Қайталау операциялары (соның ішінде лоскуттың орнын келтіру мен қайта тексеру) ASTANA VISION клиника желісінде жасалған жағдайда тегін орындалады. Басқа жағдайларда – бірінші реткі операция ретінде есептеледі.