Сіздің қалаңыз:
Қызметтер

Ким Владимир Ухенович

Тәжірибесі:
30 жыл
ASTANA VISION көз клиникалары желісінің бас директоры, жоғары санатты дәрігер, м.ғ.к., жетекші офтальмохирург
Стаж:
30 лет

Білім:

  • 1982 ж. – Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген
  • 1986-1988 жылдары – Волгоград медициналық институтының базасында мақсатты резидентурадан өтті

Еңбек қызметі:

  • 1996-1998 жж. – Жамбыл облыстық ауруханасының офтальмологиялық орталығын басқарды
  • 1997 – өзінің клиникасының қабырғаларында көз бұршағына алғашқы ота жасады.
  • 1998 ж. – Тараз қаласындағы “Оптимед” офтальмологиялық клиникасында жетекші офтальмохирург және бас дәрігер болып жұмыс істеді
  • 2000 ж. – Қарағанды қаласында “Көз микрохирургиясы орталығының” негізін қалаған және бас дәрігері атанды.
  • 2005 ж. – Шымкент қ. көз Микрохирургиясындағы қызметін кеңейтті.
  • 2008 ж. – Өскемен қаласында клиника ашты.
  • 2013 – 2018 жылдары – Семей және Павлодар қалаларында клиника ашты.
  • 2017 ж. – Халықаралық деңгейге шығып, Бішкек қаласында офтальмологиялық лазерлік орталық құрды, бұл өз кезегінде Қырғыз Республикасының офтальмологиясының дамуына жаңа серпін берді.
  • 2018 ж. – Көру қабілетін лазерлік түзетуге маманданған Алматы қаласында клиника құрды.
  • 2022 ж. – Атырау қаласында көз ауруларын диагностикалауға мамандандырылған клиника ашты.
  • 2022 ж. – Орталық Азиядағы ең ірі офтальмологиялық клиника болып табылатын Astana Vision жаңа ғимаратын ашты. 2000 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Астана, Өскемен, Шымкент, Қарағанды, Атырау, Алматы, Семей, Павлодар қалаларында Astana Vision көз клиникалары филиалдарының негізін қалаған және бас директоры болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстандағы ең ірі көз клиникаларының желісі болып табылатын брендті құрды! Клиникалардағы қызметтер спектрінің кеңеюі медициналық қызмет көрсету деңгейін жаңа деңгейге көтерді және клиникалар кез-келген қиындықтағы аурулармен күресіп жатқанын батыл айтуға мүмкіндік береді!

Мамандандыру:

  • Катаракта факоэмульсификациясы
  • Көзішілік линзаны имплантациялау

Біліктілікті арттыру туралы:

  • 2006 ж- Еуропалық катаракта және рефракционды хирургтары қоғамына (ESCRS)қосылды
  • 2008 ж – медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациясың қорғады

Жүргізілген отадалардың саны:

  • Өзінің бүкіл дәрігерлік тәжірибесінде 25000-нан астам емделушілерге ота жасалды.

Қосымша мәліметтер:

  • 2014 жылы ерекше еңбегі үшін “Құрмет”орденімен марапатталған.
  • Жоғары технологиялық жабдықтардың, Astana Vision клиникалар желісі мамандарының жоғары кәсібилігінің арқасында көруді түзетудің, катаракта хирургиясының және көз ауруларын ең нақты диагностикалаудың барлық заманауи әдістері бар ірі желіні құрды!

Қабылдауға жазылу

Ваш город:
Консультация алу үшін

Мәліметтеріңізді қалдырыңыз, біз сізге хабарласамыз!

Қабылдауға жазылу

Мәліметтеріңізді қалдырыңыз, біз сізге хабарласамыз!