Сіздің қалаңыз:
Қызметтер

Катаракта хирургиясы

Қазіргі уақытта катаракта хирургиясындағы алтын стандарт – факоэмульсификация мен интраокулярлық линзаны (ИОЛ) имплантациялау болып табылады.
Операция амбулаторлық жағдайда жергілікті анестезиямен жүргізіледі.
Операцияның ұзақтығы 7-15 минут. Реабилитация кезеңі 5-7 күн.
Катаракта хирургиясында маңызды сәт – жасанды хрусталикті таңдау және есептеу.
Негізгі интраокулярлық линзалардың түрлері:
Монофокальды – ең жақсы көруді бір фокустық қашықтықта қамтамасыз ету үшін арналған (немесе алыста, немесе жақында).
Монофокальды торикалық – ең жақсы көруді бір фокустық қашықтықта қамтамасыз ету үшін арналған (немесе алыста, немесе жақында), астигматизмді максималды түзету функциясымен.
Мультифокальды – бірнеше фокус нүктелері бар дифракциялық-рефракциялық линзалар, әртүрлі қашықтықтардағы көруді оңтайландыру үшін.
Мультифокальды торикалық – бірнеше фокус нүктелері бар дифракциялық-рефракциялық линзалар, әртүрлі қашықтықтардағы көруді оңтайландыру үшін, астигматизмді максималды түзету функциясымен.
EDOF технологиясымен – көру тереңдігі ұлғайтылған (ұзартылған) линзалар, жақыннан алысқа дейінгі көруді үздіксіз және тегіс ауысуды қамтамасыз етеді.
EDOF торикалық линзалар – көру тереңдігі ұлғайтылған (ұзартылған) линзалар, жақыннан алысқа дейінгі көруді үздіксіз және тегіс ауысуды қамтамасыз етеді, астигматизмді максималды түзету функциясымен.
Хирургтар әр пациенттің өмір салты мен күткен нәтижелерін ескере отырып, ең сәйкес ИОЛ таңдау керек. Пациенттерді таңдау мен алдын ала әңгімелесу мультифокальды/EDOF және торикалық ИОЛ ұсынысы кезінде өте маңызды.

Пациенттер операцияны ақылы түрде немесе ОСМС шеңберінде, күндізгі немесе тәулік бойы стационарда жасауға құқылы.

Әрбір ASTANA VISION пациенті мыналарға сене алады:

Сонымен қатар, біз сізді қызықтыратын кез келген сұраққа ыңғайлы форматта жауап беруге дайынбыз: клиникада, телефон арқылы, мобильді мессенджерлерде және әлеуметтік желілерде.

Қабылдауға жазылу

Мәліметтеріңізді қалдырыңыз, біз сізге хабарласамыз!

Жабдықтар

Сеть глазных клиник Astana Vision. Клинка в г. Алматы https://almaty.vision.kz/

VERION диагностикалық кешені

Alcon, США
Сеть глазных клиник Astana Vision. Клинка в г. Алматы https://almaty.vision.kz/

CENTURION® Vision System факоэмульсификаторы

Alcon, США

Біздің катаракталық хирургтар.

Тәжірибесі: 40 жыл

Ким Владимир Ухенович

-ASTANA VISION көз клиникалары желісінің бас директоры -Медицина ғылымдарының кандидаты -Катаракта хирургиясы саласындағы заманауи әдістердің сарапшысы -Катаракта және рефракциялық хирургия жөніндегі Еуропалық қоғамның (ESCRS) мүшесі
Тәжірибесі: 17 жыл

Умбетеева Динара Алтаевна

-Медициналық директор -Жоғары санатты дәрігер -Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі -Жетекші катаракталық офтальмохирург -Катаракта және рефракциялық хирургия жөніндегі Еуропалық қоғамның (ESCRS) мүшесі.
Тәжірибесі: 46 жыл

Есенжан Ғалия Әнуәрбекқызы

-Жоғары санатты дәрігер -Кез келген күрделілік дәрежесіндегі катаракта хирургиясының сарапшысы -Қасаң қабық аурулары мен көздің алдыңғы сегменті патологиялары бойынша жетекші маман (өтпелі және қабаттық кератопластика, реконструктивтік хирургия) -Катаракта және рефракциялық хирургия жөніндегі Еуропалық қоғамның (ESCRS) мүшесі

Құны(бір көзге):

  • Катарактаны факоэмульсификациялау және монофокалды интраокулярлық линзаны имплантациялау. Умбетеева Д.А.

    350.000
  • Катарактаны факоэмульсификациялау және монофокалды интраокулярлық линзаны имплантациялау. Ким В.У., Есенжан Г.А.

    470.000
  • Катарактаны факоэмульсификациялау және монофокалды торикалық интраокулярлық линзаны имплантациялау. Умбетеева Д.А.

    450.000
  • Катарактаны факоэмульсификациялау және монофокалды торикалық интраокулярлық линзаны енгізу. Ким В.У., Есенжан Г.А.

    550.000
  • Катарактаны факоэмульсификациялау және IQ PanOptix мультифокалды интраокулярлық линзаны енгізу. Умбетеева Д.А.

    670.000
  • Катарактаны факоэмульсификациялау және IQ PanOptix мультифокалды интраокулярлық линзаны имплантациялау. Ким В.У., Есенжан Г.А.

    770.000
  • Катарактаны факоэмульсификациялау және IQ PanOptix TORIC трифокалды иілгіш интраокулярлық линзаны имплантациялау. Умбетеева Д.А.

    720.000
  • Катарактаны факоэмульсификациялау және IQ PanOptix TORIC трифокалды иілгіш интраокулярлық линзаны енгізу. Ким В.У., Есенжан Г.А.

    820.000
  • Катарактаны EDOF интраокулярлы линза арқылы факоэмульсификациялау Умбетеева Д.А.

    750.000

  • Катарактаны EDOF интраокулярлы линза арқылы факоэмульсификациялау. Ким В.У., Есенжан Г.А.

    850.000

  • Катарактаны торикалық EDOF интраокулярлы линза арқылы факоэмульсификациялау. Умбетеева Д.А.

    800.000

  • Катарактаны торикалық EDOF интраокулярлы линза арқылы факоэмульсификациялау. Ким В.У., Есенжан Г.А.

    940.000

• Бұрын тағайындалған операцияға алдын ала тексеру тегін жүргізіледі;

• Бағасына кіреді: операцияға дайындық, операцияны жүргізу, анестезия, бір реттік шығынды материалдар.

Бейне-пікірлер

логотипы
Сіздің қалаңыз: