Кератоконус
емдеу
Кератоконус — роговицаның сфералық пішінін сақтай алмайтын, жұқаратын, созылатын, бұлыңғырайтын және табиғи функцияларын жоғалтатын созылмалы ауруы.
Кератоконус қауіптілігі:
Емдеусіз ауру көру қабілетінің прогрессивті төмендеуіне, жұмыс қабілетінің жоғалуына және науқастың мүгедектікке ұшырауына әкеледі. Кератоконус қауіпті асқынуларының бірі – роговицаның артқы қабығын жарылуы, бұл роговицаның тыртықтануына және оны трансплантациялау қажеттілігіне әкеп соғады.
Кератоконус симптомдары:
Кератоконусы бар адамдардың алғашқы шағымдары көбінесе көру қабілетінің төмендеуі, әдеттегі көзілдіріктер немесе линзалар арқылы көру өткірлігін жақсарту мүмкіндігінің болмауы, көзілдіріктерді жиі ауыстыру қажеттілігі болып табылады. Сонымен қатар науқастар заттардың бұрмалануын (ауытқулар, қос көру), көрудегі «тұман» немесе бұлдырлықты, көздің қызаруын және құрғақтығын байқай алады.
Кератоконус емдеу әдістері:
- Роговица коллагенінің кросслинкингі
- Интраламеллярлық тоннельді кератопластика
- Кератопластика
Операциядан кейінгі алыс кезеңде (3-6 ай) көру өткірлігін максималды жақсарту үшін склеральды линзаларды таңдау мүмкіндігі бар.
“Astana Vision” клиникасында кератоконусты диагностикалауға және емдеуге арналған барлық қажетті жабдықтар бар. Біздің мамандар көру қабілетіңізді сақтауға және күнделікті өмірге ыңғайлылықты қайтаруға көмектеседі.
Қабылдауға жазылу
Мәліметтеріңізді қалдырыңыз, біз сізге хабарласамыз!
Кератоконус емдеу саласындағы біздің мамандарымыз
Қызметтің құны
-
Роговица коллагенінің кросслинкінгі 200.000
(бір көз үшін)
-
Фемтолазерлік қолдауымен интраламеллярлық тоннельді кератопластика от 650.000
(интрастромальды роговица сегменттерін енгізу, бір көз үшін)