Ваш город:
Услуги

Айторгын Мерекекызы

Әуелі Алла деп, қалауымдағы бір арманым орындалды✅ Иә, барлықтарыңыз көріп, естігендеріңіздей Алматы қаласы Astana Vision клиникасында лазерлік коррекция жасаттым. 13.09. күні толықтай диагностикалық тексеруден өттім( тексерілу бағасы 15000 теңге). Тексерілуден соң дәрігер лазерлік отаның түрі Femto Lasik жарайтынын айтты. Оданда басқа түрлері болды, бірақ тексеру барысына қарай, көзіме сәйкесінше-дәрігер солай тағайындады. Лазерлік коррекция жасау үшін клиника тек бір анализді қажет етеді. Гепатит В&С. Ары қарай 14.09. сағат 11:30 лазерлік коррекциямның уақыты болып белгіленді. Отаға кірмес бұрын, барлығын қызметкерлер толықтай түсіндіріп, арнайы көз тамшысын тамызып, тайындайды. Содан соң хирург отырган ота бөлмесіне апарады. Операция ұзақтығы 10-15 минут. Еш білінбейді деп жатадығо, деседе белгілі бір дискомфорт болады, оны сезбеу мүмкін емес. Дәрігер операция барысында барлығын айтып түсіндіреді, тек тез қимыл жасамай айтқанын орындасаңыз болды. Содан соң клиника келесі күнге тексерілуге шақырады, аппаратпен тексеріп, көзіңіздің көру деңгейін айтып береді. Ары қарай қалай күтім қажет екендігін толықтай түсіндіреді. Ота құны әр көзге- 250 000, яғни екі көзге 500 000 мын. Хирург-Головатенко Сергей Петрович. Сізге алғысым шексіз. P.S: осы клиниканы таңдағаныма еш өкінбеймін. Негізі көптен армандадым, бірақ еш сәті болмай жүрді. Содан биылғы жылға жоспарладым. Қандай жағдай болмасын, осы күнге жеткенім бірінші Алла, ата-анаммен бауырларым және барлық жанашыр жандардың арқасы. Сол кезде қасымда болған, көмектесип, жанашырлық танытқан құрбым @_miladonna және квартира жағынан қамтамасыз еткен, Оралға келгенше еш қабақ шытпай, қарайласқан сіңілім @yerbolatovnna_ үлкен рахмет. Аллаға сансыз шүкір! Жасауға шешім қабылдай алмай жүргендер болса, еш ойланбастан бірінші @av_almaty клиникасында, диагностикадан өтіп көріңіздер!

Ваш город: